Нөміріңізді қалдырыңыз, менеджер 15 минут ішінде қайта қоңырау шалып, жеке кеңес береді.
«Жіберу» батырмасын басу арқылы сіз «ХелпРесорс» ЖШС-не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 387-бабына және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, осы өтінімде және Құпиялылық саясатында айқындалған талаптар мен мақсаттар негізінде дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.
Wolt-пен жеткізу — бұл қай жерде, қашан және қалай жұмыс істеуді өзіңіз шешу мүмкіндігі. Платформа жеткізуді күнделікті өмір ырғағымен ыңғайлы үйлестіруге мүмкіндік береді. Курьерлер жұмыс форматын өздері таңдайды: біреулер үшін бұл негізгі жұмыс, ал біреулер үшін — бос уақыттағы қосымша табыс.
Бүгінде 1500-ден астам курьер Wolt-тың ресми серіктесі — «ХелпРесорс» ЖШС-мен ынтымақтастықта жұмыс істеп, жеткізу саласында міндетті тәжірибесіз-ақ, өзіне қажет мөлшерде және өзіне ыңғайлы уақытта табыс тауып жүр.
Қысқаша және нақты іс бойынша
Wolt бағдарламасындағы тапсырмалар қалай төленетінін тез анықтағыңыз келе ме?
Бұл қысқа видео бәрін түсіндіреді – көріңіз!
Шарттар туралы шынайы
Курьерлер неге «ХелпРесорс»-ты таңдайды
Біз сізден пайда таппаймыз — біз сізбен бірге табыс табамыз. Сондықтан кіріс пен қауіпсіздік біз үшін тек сөз емес, күн сайын күш салатын құндылықтарымыз. Курьерлер нақты мынадай артықшылықтарға ие болады:
01
Ресми серіктес мәртебесі
Wolt тапсырыстарына тікелей қол жеткізу - артық бюрократиясыз және делдалдарсыз.
02
12/7 қолдау — нақты адаммен
Күнделікті 9:00-ден 21:00-ге дейін — мәселелерді ботқа жібермей, тікелей шешеміз.
03
Құжаттарды ресімдеуге көмек
Құжаттарды бірге дайындаймыз — тез, қателіксіз, және бір күнде жеткізуге шығуға мүмкіндікпен.
04
Картаға күн сайынғы төлемдер
Ақша күн сайын Қазақстанның кез келген картасына түседі - ашық және уақытылы.
«ХелпРесорс»-те мінсіз курьердің бір ғана бейнесі жоқ, өйткені әр адам мұнда өз мақсатымен, жағдайымен және уәжімен келеді. Біреулер алғашқы табысын іздейді, енді біреулері негізгі жұмысына қосымша табыс тапқысы келеді, ал тағы біреулер өз көлігін тиімді пайдаланудың жолын немесе Қазақстанда жаңа өмір бастауды қалайды. Міне, бізбен бірге жұмыс істеп жүргендер:
Оқуға кедергі емес
Студенттер және жұмыс іздеп жүргендер
Платформа көбінесе жаңа жұмыс іздеу кезеңінде бірінші табыс орны немесе сенімді база болады. Жүйе тәжірибенің жоқтығы алғашқы күннен бастап тез бастау мен табыс табуға кедергі келтірмейтіндей етіп құрылған.
Уақыт = табыс
Қосымша табыс іздейтіндер
Курьерлердің бір бөлігі платформаны бос уақытында табыс табу үшін пайдаланады. Мұндай формат үйреншікті өмір ырғағын сақтауға мүмкіндік береді: жеткізуді негізгі жұмыспен оңай үйлестіріп, кешкі уақытта және демалыс күндері желіге шығуға болады.
Жүру = табыс
Жеке көлік иелері
Автокөлік немесе мотоциклмен курьерлер ұзақ қашықтықтағы тапсырыстарды орындайды. Тапсырмаларды бөлу алгоритмдері көлік түрін ескереді, бұл жеке автокөлікті, скутерді немесе электрвелосипедті пайдаланып тиімді табыс табуға мүмкіндік береді.
Кедергісіз бастау
Жұмыс істеу құқығы бар шетел азаматтары
Басқа мемлекеттердің азаматтары үшін тіркелудің түсінікті механизмі бар. Біз процестің барлық кезеңінде қолдау көрсетеміз — құжаттарды дайындаудан бастап Қазақстанның кез келген картасына төлем алуға дейін. Рәсімдеудің барлық кезеңдері пысықталған әрі ашық.
Жастық пен тәжірибе бірге
18 жастан 55+ жасқа дейінгі курьерлер
Біздің компанияда жасқа қатысты шектеулер жоқ - жеткізу еңбек жолын енді бастап жатқан жастарға да, тұрақтылық пен жеке еркіндікті бағалайтын өмірлік тәжірибесі мол адамдарға да бірдей қолжетімді.
Біз әр түрлі буындағы адамдардың «ХелпРесорс» - тен сенімді табыс көзін тауып, жеткізу кестесін өздері еркін анықтай алатынын мақтан тұтамыз.
12%
18-24
26%
25-34
29%
35-44
20%
45-54
13%
55+
Үш қарапайым қадам
Қалай Wolt курьері болуға болады
«ХелпРесорс»-те курьер болып жұмысқа орналасу бас тарту алудан да оңай! Біз жаңа серіктестерге әрқашан қуаныштымыз.
Өтінім жіберіңіз
Қарапайым сауалнаманы/анкетаны толтырыңыз. Бұл бар болғаны бір минут уақытыңызды алады. Курьер вакансиясына өтінім нысанын толтырып, жіберіңіз.
Қоңырауды күтіңіз
Сізбен біздің қызметкер байланысады, әңгімелеседі және кеңсеге немесе онлайн режимінде келісім-шартты рәсімдеуге шақырады.
Жеткізуге шығыңыз
Wolt Partner бағдарламасын іске қосыңыз, тапсырыстарды қабылдаңыз және тұрақты табысы бар Wolt командасының бір бөлігі болыңыз.
Табыс табатын уақыт келді
Серіктестікке өтінім
Курьер-серіктес болу үшін сауалнаманы/анкетаны толтырыңыз. Бұл қаржылық еркіндік пен икемді кестеге алғашқы қадам.
Электрвелосипедті жалға алу
Аптасына 1 ₸ жүріңіз
Көбірек жеткізу - аз шығын. Аптасына 100+ тапсырыс орындаңыз, сонда электрвелосипедті жалға алу құны символикалық болады. Барлық табысты өзіңізге қалдырыңыз!
Қызмет тек «ХелпРесорс» -пен ынтымақтасатын ҚР резиденттеріне ғана қолжетімді.
Тариф бағасы:
Электровелосипедті жалға алу құны аптасына 21 000 ₸, (күніне 3 000 ₸).
Арнайы ұсыныс:
Бір аптада 100-ден астам тапсырысты орындаған кезде жалдау бағасы 1 ₸ құрайды.
Қызмет көрсету:
Электровелосипедке қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жүктемені компания өз мойнына алады.
Сипаттама
Өту мүмкіндігі:
Nitron электровелосипед қозғалтқышының қуаты созылмалы көтерілімдер мен эстакадаларды артық күш салмай еркін еңсеруге есептелген.
Қуаттау жүйесі:
Жиынтықта екі алмалы-салмалы, жеңіл алынатын аккумулятор бар, олар отырғыштың астына тігінен орнатылады. Біреуі жұмыс істеп тұрғанда, екіншісі қуаттала береді.
Құрылым:
Компания курьерлердің желіде көп уақыт өткізетінін түсінетіндіктен, толық амортизациясы және жұмсақ орындығы бар электрвелосипед моделін ұсынады.
Жабдықтау:
Электрвелосипедке жеткізу үшін қажетті құралдар орнатылған: мықтандырылған артқы жүк сөресі, телефон ұстағышы және жарықтандыру.
Сипаттамасы/ерекшелігі
Қозғалтқыш:
Қуаты 800 Вт (жылдамдығы 50 км/сағ дейін).
Дербестік:
Екі батареямен жалпы жүрістің 130 км дейін (әрқайсысы 25 Ач Li-ion батареясы).
Қауіпсіздік:
Гидравликалық тежегіштер, сигнализация және жолдардың әр түріне арналған протекторы бар кең/жалпақ 14 дюймдік дөңгелектер.
Қаңқа және салмақ:
Мықтандырылған болат конструкция, 100 кг дейінгі жүктемені көтере алады. Бір батареяны толық зарядтау 5 сағат алады.
Маңызды пікір
«ХелпРесорс» курьерлерінің пікірлері
Әрбір пікір үшін ризамыз - бұл бізге дамуға көмектеседі. Серіктестердің кері байланысы тиімді шешімдер табуға және қызметті уақытылы жақсартуға мүмкіндік береді, осылайша сіздің жұмысыңызды ыңғайлырақ етеді.
Отличный таксопарк HelpResource! Качество работы на высоком уровне — всё организовано чётко и прозрачно. Отдельная благодарность сотрудникам: всегда вежливые, отзывчивые и реально помогают в любых вопросах, не бросая на полпути. Поддержка работает быстро, объясняют понятно и по делу. Очень приятно иметь дело с такой командой — чувствуется профессионализм и забота о водителях. Рекомендую HelpResource всем, кто ищет надёжный таксопарк!
Амир
Алматы
Удобно совмещать с учебой без жесткого графика. Доход зависит только от моей активности, а в точности начислений я уверен. Поддержка на связи и быстро помогает решить вопросы на заказах. Хороший способ для дополнительного заработка.
Александр
Алматы
Понятная работа и прозрачная оплата. Все этапы — от приема заказа до получения денег — автоматизированы и работают чётко. Эффективный инструмент для заработка без лишних формальностей.
Серик
Алматы
Жиі қойылатын сұрақтар
Менің барлық шоттарым жабылған (бұғатталған), мен жұмыс істей аламын ба?
Иә, сіз бізбен ынтымақтастық жасай аласыз. Біз тіркелу кезінде көрсеткен Қазақстанның кез келген картасына төлем жасаймыз.
Егер төлемдер картаға түспесе не істеу керек?
«ХелпРесорс»-те мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Бірақ егер транзакция бойынша сұрағыңыз туындаса, жай ғана жазып немесе қолдау қызметіне хабарласыңыз - біз 09:00-ден 21:00-ге дейін байланыстамыз және мәселені тез шешеміз.
Жұмыс істеу үшін нақты уақыт белгіленген бе?
Жоқ, сіздің кестеңіз толықтай икемді. Қашан желіге шығатыныңызды және жеткізуге қанша уақыт бөлетініңізді өзіңіз шешесіз. Міндетті ауысымдар немесе жоспарлар жоқ.
Тапсырыс санын қалай көбейтіп, көбірек табыс табуға болады?
Табыс көлемін арттыру үшін «пик уақыттарда» (түскі және кешкі сағаттарда) желіде болуды, рейтингті жоғары ұстап, тапсырыстарды кешіктірмей қабылдауды ұсынамыз.
Тапсырыстан бас тарта аламын ба?
Иә, мұндай мүмкіндік бар. Дегенмен, негізсіз жиі бас тартулар рейтингті төмендетіп, аккаунттың уақытша блокталуына әкеп соғуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Егер тапсырыс жеткізу кезінде жойылса/бас тартылса не істеу керек?
Мұндай жағдайда тапсырыс автоматты түрде қосымшада жабылады. Өтемақы жүйесі тапсырысты орындау қай сатыда болғанына байланысты.
Рейтинг жүйесі қалай жұмыс істейді?
Сіздің рейтингіңіз — қызмет көрсету сапасының көрсеткіші. Ол клиенттердің пікірлері, платформа ережелерін сақтау және тапсырыстан негізсіз бас тартулардың болмауына сүйене отырып қалыптасады. Жоғары рейтинг тапсырыстарды бөлу кезінде басымдық береді.
Жылдам ресімдеу үшін қандай құжаттар қажет?
Бастау үшін сізге қажет:
Жеке куәлік немесе төлқұжат;
Қолданыстағы телефон нөмірі;
Электрондық пошта мекенжайы.
Рәсімдеу көп уақыт алмайды, және әдетте өтінімді бергеннен кейін алғашқы жеткізуге 24 сағат ішінде шығуға болады.
Сұрағыңызға жауап таба алмадыңыз ба? Телефон нөміріңізді қалдырыңыз — біздің қызметкер 15 минут ішінде сізге қоңырау шалып, жеке кеңес береді.